Главная  /  Односельчане 
  с. Егиндыколь  
  
   Садуақасов Жақия Рымбайұлы

   Чернобыль атом станциясындағы алапат апатқа биылғы жылы 25 жыл толды.1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом станциясында 4 реакторында жойқын жарылыс болып, жарылыстың әсері Жапонияның Хиросима қаласына тасталған атом бомба¬сынан 400 есеге артық болған еді.Сол кезде ядролық апаттың салдарын жоюға қатысқандардың 98 пайызы әскерилер болатын.Жалпы ,бұл апатты залалсыздандыруға 600 мың адам қатысса,оның ішінде 31740 қазақстандықтар да өз үлестерін қосты.Қаншама жан радиацияның құрбаны болып,өмірден қоштасса, мүгедек болып қалғандар қаншама.
   Сол апатты аймақта бір жарым жыл Отан алдындағы әскери борышын мінсіз өтеген біздің жерлесіміз Садуақасов Жақия Рымбайұлын әңгімеге тартқан едік.
   -1984 жылы Калинин совхозында Жалманқұлақ орта мектебін бітірген соң,бір жылдан соң Отан алдындағы әскери борышымды өтеуге Грузияның астанасы Тбилисиге аттандым.Жарты жылдай Грузияда әскер қатарында қызмет еткен соң,1986 жылы мамыр айының басында жарылыс болған Чернобыль апатты аймағына ұшақпен аттандырды.Біздің арнайы жасақталған «Күзет» ротасының негізгі міндеті апат болған аймақтың 30 шақырым аумағында күзетті бақылайтынбыз. Бос,иесіз тастап кеткен хуторлардағы үй-жайларды тонау, ұрлыққа жол бермеу үшін есік-терезелеріне қағаз жапсырып, мөрмен бекітеміз.Ол кезде Кеңес Одағының сыртқа ешқандай құпия мәліметтердің шықпауын қатаң қадағалайтын кезі ғой.Әсіресе, шетел тілші,журналистерін кіргізбеу,тіпті қарапайым азаматтарды да жақындатпау қатаң бақылауға алынатын. Аузы басымыздан тұмшаланған таңғышымызды шешуге тиым салынатын.Алайда, апаттың салдарын залалсыздандыруға қатысқан көптеген жас әскерилер, алғашқы бетте білместіктің салдарынан өз денсаулықтарына зор зиян келтірді.Қазіргі кезде ай сайын әлеуметтік жәрдемақы төленеді,жылына бір рет дәрігерлік тексеруден өтіп тұрамын,-дейді.
   Жақия қазіргі таңда ауданымыздағы «Аскоп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде мезанизатор болып еңбек етіп келеді. 1991 жылы желтоқсанның 28- інде жолдасы Тотымен отау құрып,екі бала тәрбиелеп өсіреді. Біздің кейіпкеріміз биылғы жылы отбасын құрғанына 20 жыл толуын, Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс атап өтпекші.

Районная общественно - политическая газета «Егіндікөл» 

© 2008 -